Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді •

    Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президентін қабылдады

    Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президентін қабылдады

    Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.✅

    Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

    Энрике Сересо Торрес «Атлетико Мадрид» футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді.

    Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.

    «Атлетико Мадрид» футбол академиясы Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Akbulak» олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

    Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →