Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр

    Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

    Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

    Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.

    ✔️Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

    ✔️Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.
    Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →