Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы тұзды көлді белгісіз жәндіктер қаптады: әкімдік үнсіз «Ақша жоқ»: Степногорск әкімдігі балалар алаңын салып беруден бас тартқан Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Атыраудағы тұзды көлді белгісіз жәндіктер қаптады: әкімдік үнсіз «Ақша жоқ»: Степногорск әкімдігі балалар алаңын салып беруден бас тартқан Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр

    «Спорттық атақтар негізсіз берілді». Антикор қылмыстық іс қозғады

    «Спорттық атақтар негізсіз берілді». Антикор қылмыстық іс қозғады
    Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

    Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

    Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің спортқа қатысы жоқ адамдарға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы видеосы зерделенді. Антикор бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Агенттіктің ұсынысы бойынша спортқа қатысы жоқ адамдар атағынан айырылды.

    Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.

    Тергеу жалғасып жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →