Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты •

    «Қайрат қарсы болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады

    «Қайрат қарсы болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады
    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы ауылға салып берген балабақшаны көрсетті. Айтуынша, халық мекемеге «Қайрат» деген атау бергісі келгенде, жолдасы қарсы болған.

    “Кеше осы видеоны Қызылкөлдің келіні Әйгерім жіберді. Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын «Қайрат» деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз!”, – деп жазды тележүргізуші.

    Болашақта балаларынан үлкен үміт күтетінін айтады.

    “Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін”, – деді тележүргізуші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →