Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдаған

    Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдаған

    Астанада жігіт жедел жәрдем қызметкеріне шабуылдаған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Оқиға 1 маусым түнде болған.

    Ақпаратты Астана полициясының баспасөз қызметі растады.

    Мас жігіт агрессивті болып, келген жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған. Одан кейін ол фельдшерлердің біріне шабуыл жасап, оны пышақпен қорқытып, өзімен бірге бір бөлмеге қамап тастаған.

    Медицина қызметкерлері 102-ге хабарласты.

    Полиция жасағы ер адамды ұстап, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Пышақты тәртіп сақшылары тәркіледі.

    Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 25 жастағы қаскөй мас болған.

    «Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп түсіндірді полицейлер.

    Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →