Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды •

    «Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма?»: Қарақат Әбілдина ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді

    «Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма?»: Қарақат Әбілдина ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді

    Өнер иесі қазір интернетте түрлі дүниелер қолжетімді екенін айтады.

    Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында өзін толғандыратын жайт туралы айтты, — деп жазды Qazaq.today.  

    Өнер иесі қазір интернетте түрлі дүниелер қолжетімді екенін жеткізіп, ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді.

    «Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай іш киімде атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық — шашық бейнеге тыйым салғаны ғой инстаграмның. Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та, көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тиктогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ. Әр жазбаңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жәй қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?! Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?! Қалай ойлайсыз оқырман?! Даусымызды естіртейік!» — деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →