Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    Александр Усик vs Тайсон Фьюри: Украин боксшысы абсолютті чемпион атанды

    Александр Усик vs Тайсон Фьюри: Украин боксшысы абсолютті чемпион атанды

    Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің басым даусымен Усик жеңді.

    Британ боксшысы Тайсон Фьюри Сауд Арабиясында өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды, – деп хабарлайды qazaq.today.

    Тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға жіберді, бірақ британ боксшысы соңына дейін шыдас берді.

    Осылайша, Усик ХХІ ғасырда ауыр салмақтағы алғашқы абсолют әлем чемпионы болды.

    Фьюри бұған дейін мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, 34 рет жеңіске жетті (24 нокаут). Бір рет қарсыласымен тең түсті. Усик, өз кезегінде, осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңімпаз атанды.

    «Әке, естисің бе, біз жеңдік», – деді Усик жеңісінен кейін.

    Алдыңғы жекпе-жекте Усик 2023 жылдың тамызында тағы бір британдық боксшы Даниэль Дюбуаны жеңді. Фьюри өзінің алдыңғы жекпе-жегінде 2023 жылдың қазан айында Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді.

    https://www.youtube.com/watch?v=eaEynJn4OJ0

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →