Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды •

    «Қаламым тартты»: Ұларбек Нұрғалым неге Кемел Тоқаев туралы кітап жазған?

    «Қаламым тартты»: Ұларбек Нұрғалым неге Кемел Тоқаев туралы кітап жазған?
    Screenshot

    Жазушы Ұларбек Нұрғалым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев туралы «Тағдыр мен майдан» атты кітап жазған. Ол кісінің өмірін ауыр тағдырмен байланыстыра отырып қалам тербеген. Кітап 2018 жылы басылып шыққан роман.

    Кітап жазу туралы ой қалай келді? Бұл жүрек қалауы ма әлде тапсырыс па? Бұл туралы ол Қасқа жол Ютуб арнасындағы сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Неге Кемел Тоқаев?

    «Мен өзімнен талдауға деген құмарлық бар екенін байқаймын. Әкім Таразидің шығармаларын оқып жүрдім. Айналамдағыларға ол әңгімелерді айтсам, қызығады. Тағы біреулерге талдап соларды айтсам қызығатынын байқадым. Бәрі жазсаңшы деп қолқа салды. Осылайша Әкім Таразидің шығармашылығы бойынша «Болмыс» деген кітап жаздым. Мен өзім айтқандай басқа жақта туып-өстім. Осы жақтағы аураны сезініп, Совет өкіметі деген қандай екенін бойымнан өткізіп сезінген адам емеспін. Бірақ, Әкім Таразидің шығармашылығынан сол қоғамды тұтас көрдім, сезіне алдым. Әдебиет – тұтас дәуірді адамға сезіндіреді екен. Ол қандай байлық, қазына және білім!», — дейді ол.

    Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» деген романы, өз өмірі туралы жазылған. Біржағынан басқа кейіпкер. Оның айтуынша, автордың өмірі мен шығармасының арасында қандай байланыс бар деген ой қызықтырған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғаныс» деген кітабы бар. Соны оқыған кезде байланыстарды көре бастаған. Осылайша, 2018 жылы кітап жазылған.

    «Детектив деген өзі қызық. Ол кісі Шерлок Холмс сияқты қазақтың зерек, зерделі кейіптерін сомдағысы келген екен. Бір кісіні Майлыбаев деп қояды.

    Өмірімен танысқанда, маған ол да қатты әсер етті. Недеген ауыр тағдыр! Недеген жігер, қандай болмыс! Қиындығын айтып аяныш тудыруға тырыспаған. Осының бәріне қаламым тартты.

    Ішкі дүниең тартпаса, тапсырысқа жазу қиын нәрсе. Ұзақ толғанып жаздым деп айтпаймын. Бірақ сол роман маған қатты әсер етті», — деді жазушы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →