Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды •

    Ұрланған қаражатты заңдастырған белгілі кәсіпкер сотталды

    Ұрланған қаражатты заңдастырған белгілі кәсіпкер сотталды

    Фото: ҚМА баспасөз қызметі

    Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Өткізілген параллельді қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелді.

    Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды.

    Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған.

    Ол сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған.

    Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған.

    Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 млрд теңгені құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →