Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Газадағы құрбандар саны 35 мыңнан асты

    Газадағы құрбандар саны 35 мыңнан асты

    Фото: Аljazeera

    Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 034-ке жетіп, 78 755 адам жараланды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  

    Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 63 тұрғыны қаза тауып, 114-і жараланған.

    Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →