Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы метросында қауіпті жолаушы ұсталды «Аула емес, батпақ»: Қарағанды халқы бірнеше жылдан бері әкімдіктің назарын аудара алмай келеді «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Алматы метросында қауіпті жолаушы ұсталды «Аула емес, батпақ»: Қарағанды халқы бірнеше жылдан бері әкімдіктің назарын аудара алмай келеді «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады

    Күршім ауданында «Байтақ» партиясының өкілі бастаған 100-ге жуық адам төбелес шығарды

    Күршім ауданында «Байтақ» партиясының өкілі бастаған 100-ге жуық адам төбелес шығарды

    Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында 100-ге жуық адам фабрика аумағында төбелес шығарған.

    ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, Маралды ауылында «Байтақ» партиясының өкілі мен бір топ адам алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсатсыз жиналыс өткізген. Жиналыс аяқталғаннан кейін 100-ге жуық Маралды тұрғыны фабрика құрылысын тоқтату туралы бейнеүндеу түсіру үшін құрылыс орнына келіп, ары қарай олар фабрика аумағына кірген.

    «Кәсіпорын басшылығының мәліметі бойынша олардың қызметкерлері дене жарақатын алып, материалдық шығынға ұшыраған. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметкерлері мен күзетшілері кәсіпорын аумағынан кетуге мәжбүр болды. Полиция және СОБР қызметкерлері жиналғандарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырып, заңнаманы түсіндірді, бұл ретте оларға күш қолданылмады, — делінген ақпаратта.

    Аталған факті бойынша ШҚО Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу амалдарын жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →