Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді •

    Бишімбаев әулеті ресейлік нейропсихологты Мәскеуден алдыртты

    Бишімбаев әулеті ресейлік нейропсихологты Мәскеуден алдыртты

    Фото: Еl.kz

    24 сәуір күні Қуандық Бишімбаев сотына ресейлік блогер Наталья Грэйс келді. Ол өзін нейропсихолог деп таныстырған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Нейропсихолог Наталья Грэйсті Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева күтіп алып, сот залына бірге барды. Ресейлік маман журналистерге берген сұхбатында Бишімбаев қылмысты аффект жағдайында жасаған деп мәлімдеді, деп жазады El.kz.

    «Өзіме қажет нәрсенің бәрін көрдім. Қандай жағдай болса да, бұдан шығарылым жасаймын. Менің пікірімше, Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр және осы оқиғадан пайда тапқысы келеді. Себебі көп адам коммерциялық негізде “хайп” деген нәрсемен айналысады», – деді Наталья Грэйс.

    Сондай-ақ оның ақпарат жинау үшін сыртқы істер министрлігіне тіркелмегені анықталды.

    «Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Біз видео түсірдік. Ешқандай заң бұзған жоқпыз. Ұнамаса ресми органдарға жазыңыздар», – деді Наталья Грэйс.

    Әлеуметтік желіде Наталья Грэйстің қазақстандық психиатрларға ақша ұсынып, Бишімбаевтың атаракс дәрісін қабылдағаны туралы айтып беруін сұрағаны туралы ақпарат таралып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →