Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ •

    Шри-Ланкада көрермендерді жарыс көлігі таптап өтті: қаза тапқандар көп

    Шри-Ланкада көрермендерді жарыс көлігі таптап өтті: қаза тапқандар көп

    Фото: bbc.com

    Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі BBC — ге сілтеме жасап.

    Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.

    Қайтыс болғандар арасында кішкентай қыз бала да бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр. Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтатылған еді. Жарысты ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрермен ретінде 100 мыңға жуық адам қатысады деп болжанған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →