Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді •

    Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды

    Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды

     Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды.

    Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тасжолына кезекшілікке түскен полицейлерге жол бойындағы адамдар Сырдария өзенінен бір адамның шыға алмай жатқанын жеткізген.

    Тәртіп сақшылары мән-жайды білісімен бірден құтқару жұмысына кірісті.  Дәулет суға түсіп, батып бара жатқан адамды жағаға жақындатты. Содан әріптесі Нұрғали екеуі ер адамды сүйреп, қауіпсіз жерге алып шықты.

    «Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін көрген. Содан құтқармақ болып суға түсіп, шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы бірқалыпты» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →