Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты •

    Президент күйші Әбдімомын Желдібайұлының отбасына көңіл айтты

    Президент күйші Әбдімомын Желдібайұлының отбасына көңіл айтты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.

     «Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →