Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Үкімет жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады

    Үкімет жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады

    Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

    Әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпарат таратылып, табиғи апатпен күресіп жүрген адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұндай теріс әрекет қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

    «Осындай жалған хабарламалардың немесе төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң бар. Оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді. Дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат өз әрекеттері үшін ақы төлейтін болады», – деді су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары.

    Мұндай деректерді таратқандарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →