Басты бет » Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды

Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды

Фото: Pixabay

Қарағанды ​​облысында балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің мұндай қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

El.kz жазуынша, қанды оқиға түскі уақытта болған. Себеп – балалардың қарны ашып, анасынан тамақ сұрауы. Келіншек шыдамай, екі қызын да тұншықтырып өлтірген. Осыдан кейін әйел мәйіттердің қасында отырып, кешке дейін бірге тұратын серігін күткен, оған қыздар өздері қайтыс болғанын хабарлаған. Ал ер адам полиция шақырған.

Келіншек полицияға балалар белгісіз заттан уланғанын мәлімдеген. Полицейлер қайтыс болған қыздардың соңғы рет не жегендерін көру үшін ас үйге кірген, ал онда бір түйір тамақ болмаған.

Күдікті  қазір қамауда отыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика