Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Ауыр атлеттеріміз тарихта алғаш рет Олимпиадаға қатыса алмайды

    Ауыр атлеттеріміз тарихта алғаш рет Олимпиадаға қатыса алмайды

    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында екі қазақстандық cпортшы – Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынады, — деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.

    Сергей Петрович (89 келі) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167, серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 келіні еңсерді. Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты.

    Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға табан тіреді. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 келіні, қоссайыс қорытындысында 160 келіні бағындырды.

    Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелене алмады. Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Ауыр атлетикадан 1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →