Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды •

    Бишімбаев Салтанаттың өлімі бойынша өз нұсқасын айтты

    Бишімбаев Салтанаттың өлімі бойынша өз нұсқасын айтты

    [ad_1]

     

    – Ол маған айғайлап боқтап, тап берді. Мен де оған боқтап айқайлай бастадым. Содан кейін бір сәтте ол маған жұдырықпен тап беріп, көйлегімді жыртып тастады. Иығынан шап беріп,  шайқай бастадым, итеріп қалып едім, қабырғаға соғылды. Ол маған тағы бір рет жүгіргенде мен оның көйлегін жыртып алдым, ол ашуланып, көйлегін шеше бастады. (…) бұл көйлекті маған лақтырды, мен оны бір-екі рет шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді, – дейді Бишімбаев сотта.

     

    Бишімбаев осыдан кейін Салтанат шалбарын шеше бастағанын айтады.

     

    – Мен оны артынан, белінен ұстадым. Ол итеріп, маған арқасын беріп, беті унитазға қарап тұрған еді. Ол итеріліп, өзінен шалбарды шешіп тастауға тырысты. Шалбарын төмен тарта бастаған кезде бір сәтте ашуланып, оны қоя бердім. Ол мені ұстап тұр десе керек, ол кезде белінен қоя берген едім, – дейді ол.

     

    Бишімбаев шалбарының белбеуінен жібере салған кезде Салтанат тепе-теңдікті сақтамай, құлап кеткен-мыс.

     

    – Әйтеуір ол шалбарын осылай төмен түсіріп, тепе-теңдігін жоғалтып, дәретханаға қарай құлай бастады. Ол қабырғаға соғылды, ұшып түсті, қабырға оң жақта еді. Құлап бара жатқанда қолымен итеріліп, бетімен дәретханаға құлап түсті.  Соққы өте қатты болды, бах еткен дауыс шықты да, дәретханаға беті солқ етіп құлап, одан ары еденге құлап түсті, — деп айыпталушы өз нұсқасын айтады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →