Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    «Спортшыны өлтірген»: Қызылордадағы атысқа қатысы бар 13 күдікті ұсталды

    Қызылордада биылғы мамыр айындағы 3 адам қаза тапқан атысқа қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетовтің айтуынша, қылмыстық іс аясында 13 адам ұсталып, оларды қылмыстық қудалау органдары күдікті деп таныды.

    «Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерден бес қару анықталып, тәркіленді. Тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында 55 сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындылары қылмыстық іске тіркелді», — деді Б. Нұрмағанбетов.

    Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған өзге де мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жариялануға жатпайды.

    Еске салайық, 2022 жылдың 7 мамырында Қызылорда қаласының М.Көкенов көшесінде бір топ адам арасында төбелес шығып, соның салдарынан үш адам атыс қаруынан қаза тапқан болатын. Сондай-ақ тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Қаза тапқандар арасында қызылордалық спортшы, бокстан спорт шебері Қуандық Жүсіп те бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →