Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Алматы тұрғыны Іле өзенінен тапқан ұрланған мылтықты полицияға хабарламаған Сауд Арабиясының Ходейдаға соққысы шиеленісті күшейтті Әскери киімдегілердің құрылыс салуы: Қорғаныс министрлігінің түсінік берді Алакөлде гидроциклмен қауіпті маневр жасаған жас жігіт жауапқа тартылды 25 шілдеде Қазақстанның батысында қатты ыстық, шығысында жауын-шашын күтіледі Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Алматы тұрғыны Іле өзенінен тапқан ұрланған мылтықты полицияға хабарламаған Сауд Арабиясының Ходейдаға соққысы шиеленісті күшейтті Әскери киімдегілердің құрылыс салуы: Қорғаныс министрлігінің түсінік берді Алакөлде гидроциклмен қауіпті маневр жасаған жас жігіт жауапқа тартылды 25 шілдеде Қазақстанның батысында қатты ыстық, шығысында жауын-шашын күтіледі

    Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

    Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 24 наурызда болған.

    «Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды», — делінген хабарламада.

    Жергілікті жерде өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды.

    Өрттің алдын  ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

    «ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →