Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиямен кездеседі

    Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиямен кездеседі

    Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан құрамасы Айя-София стадионында Грекиямен ЕУРО жолдамасын сарапқа салады.

    Сонымен, сағат 00:05-те тікелей эфирде Грекиядан студиялық бағдарлама ұсынылады. Ал 00:35-те Qazaqstan және Qazsport телеарналары Грекия-Қазақстан матчынан тікелей трансляция жүргізеді.

    Айта кетсек, бұл матчтың жеңімпазы 26 наурызда сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

    Ал нидерландтық төрешілер қазылық жасайтын бүгінгі кездесуге қатысты қос құраманың бас бапкерлері мен ойыншылары пікір білдірді.

    «Аталған ойынның маңызды екенін барлығы түсінеді. Оларға көп қысым жасаудың қажеті жоқ. Осыған байланысты Словениямен болған ойынмен салыстырғанда мінезімді аздап өзгерттім. Біз Дубай қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында көптеген өзгеріс енгізіп, жаттығу процесін реттедік. Айта кетсем, мен ойын тағдырын пенальти арқылы шешуді қаламаймын. Оны өз мансабымда бірнеше мәрте сезіндім. Жаттығу мен ойында пенальти тебу – мүлде басқа нәрсе. Бізде оны сәтті орындай алатын футболшылар бар. Қалай болғанда да олардың психологиялық дайындығына байланысты деп ойлаймын. Қақпашылар туралы айтатын болсақ, бұл мақсатта біраз жұмыс істелді», — деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

    Ал ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өздерінің қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүргендерін айтты. Сондықтан ел құрамасы алдағы ойында жеңіске жетуге бар күшін салмақ.

    «Бізге өз жанкүйерлеріміз ерекше қолдау білдіріп келеді. Оны сезініп жүрміз. Алдағы ойында бізге жанкүйерлер толық болған стадион кедергі жасай алмайды. Бұл кездесуді жанкүйерлердің асыға күтіп жүргені белгілі. Олардан көптеген хат келеді. Біз өз күшімізге сенеміз. Қарсылас құрамада тәжірибелі футболшылар бар. Грекия – өте мықты құрама. Біз олардан сескенбейміз», — деді Бахтиер Зайнутдинов.

    Сондай-ақ Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет алдағы ойын туралы өз пікірін білдірді.

    «Қазақстан құрамасы соңғы жылдары үлкен серпіліс жасады. Олардың мұндай жетістігі біздің құрамадан да жоғары болды. Соған қарамастан кездесу барысында біз оларға шеберлігімізді дәлелдей аламыз деген ойдамын», — деді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →