Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    «Ми жарақатын алды»: Павлодарда оқушылар 11 жастағы баланы ұрып-соққан

    Фото: Pixabay 

    Материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы арасында төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланды. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазды @Pavlodarnews.kz.

    «13 наурызда мектептің қасында төртінші сынып оқушылары арасындағы ойын салдарынан жанжал шықты. Бір оқушы бас жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – деді департаментте.

    Зардап шеккен 11 жастағы баланы кезекші дәрігер травматолог қарап шығып, травматология бөлімшесіне орналастырған.

    «Балаға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылған. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде. Оқушының сөзінше, оны жоғары сыныптағы балалар ұрып-соққан», – деді облыстық балалар ауруханасында.  

    Полиция департаменті 13, 12, 11, 10 жастағы балалардың тәртібі мектептің тәртіптік кеңесінде қаралғанын мәлім етті.

    «Барлық ата-аналар кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деді департаментте. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →