Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лондондық «Челси»: Дастан Сатпаев турне құрамында Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының схемасы өзгереді Мереке Құлкенов Мо Янға Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсынуды ұсынды Қазақстандықтарға автокредит алу жеңілдеуі мүмкін Ақын Мұхтар Ниязов айтыстағы әкесінің айтыстағы тапқырлығын еске алды Қазақстанда жаңа төлқұжат дизайны: ІІМ әлеуметтік желідегі нұсқаларды жоққа шығарды Лондондық «Челси»: Дастан Сатпаев турне құрамында Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының схемасы өзгереді Мереке Құлкенов Мо Янға Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсынуды ұсынды Қазақстандықтарға автокредит алу жеңілдеуі мүмкін Ақын Мұхтар Ниязов айтыстағы әкесінің айтыстағы тапқырлығын еске алды Қазақстанда жаңа төлқұжат дизайны: ІІМ әлеуметтік желідегі нұсқаларды жоққа шығарды

    Павлодарда әкім орынбасары кабинетінде қыз зорлады деген күдікке ілінде

    Фото: gov.kz

    Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарын бопсалау бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Қылмыстық істің қозғалуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың өтініші себеп болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Батырғожиновтың өткен жазда екі баланың анасын зорлағаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Лауазым иесі бұл айыптаумен келіспей, әйелді сотқа берді.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасады.

    «Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов биылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап — Серік Батырғожинов», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

    Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген. Айыптаушы тараптың ұсынған фактілері тексерілген және расталмаған. Бүгінде іс сотқа жіберілді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →