Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шымкентте 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

    Шымкент прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

    Қалалық прокуратура өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілерін анықтады.

    «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының, қалалық драма театрының бұрынғы басшыларына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша («Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік құқықбұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 млн 595 мың 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →