Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақмолада әкімдік қызметкерлері миллиондаған теңгені өз есепшотына заңсыз аударып келген

    Фото: Pixabay

    Ақмола облысы Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды қызметкерлері үш жылдан астам уақыт бойы өз жалақысын заңсыз есептеп келген. Зыңсыздық прокурорлық тексеру барысында анықталды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Аталған факті бойынша әкімдік қызметкерлеріне қатысты аса ірі көлемдегі ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған бюджет қаражатының көлемі 15 миллион теңгеден асады.

    «Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →