Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

Жетісу облысының төлтаңбасы таныстырылды

 Жетісу облысының жаңа төлтаңбасы таныстырылды. Төлтаңбаның авторы ҚР суретшілер Одағының мүшесі Есет Дәуренбаев. Жаңа төлтаңба туралы конкурс шілде айында жарияланған болатын. Бұл ақпарат республикалық сайттарда, облыстық БАҚ беттерінде, жергілікті пабликтерде жарық көрді. Конкурсқа 17 үміткер қатысып, 55 эскиз ұсынған. Үміткерлер қатарында суретші, фотограф, дизайнер, архитектор мамандарымен қатар, қарапайым облыс тұрғындары да ат салысқан. Байқауда өңірдің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланған. Ұсынылған әр жұмыс үш кезеңнен тұрған сараптамадан өткен. 13 адамнан құрылған комиссия мүшелері жобамен танысқан соң, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы геральдикалық комиссияның сараптамалық кеңесіне ұсынылған. Жетісу облыстық мәслихат сессиясында депутаттарға ұсынылып, келісім алынды.

«Менің ұсынған жобамда Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан. Мұнда мемлекеттік тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды. Жобадағы негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік тауларын алдық. Сонымен қатар, Талдықорған қаласының символына айналған «Жетісу монументі», Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдынын көрсетіп, өңіріміздің ерекшелігін айқындауға тырыстық, — деп атап өтті Есет Жеңісұлы.

Айта кетерлігі Жетісу облысының төлтаңбасын жасап шыққан суретші авторлық еңбегі үшін қаламақы алмаған. Есет Жеңісұлының айтуынша, туып-өскен жеріме деген махаббатым мен патриоттық сезімімді білдіру мақсатында төлтаңбаны салып шықтым дейді ол. Автор сондай-ақ, алдағы уақытта өзге мекемелердің де бұл гербті қолдануына еш қарсылығы жоқ екенін атап өтті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика