Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Республика күніне орай «Тарихи сәт» атты зиялы қауым кездесуі өтті • Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • Астанада Республика күніне орай «Тарихи сәт» атты зиялы қауым кездесуі өтті • Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) •

    Қазақстанда дәрігерлер енді науқасты емдеуден бас тарта алады

    Қазақстандық дәрігерлерге кейбір жағдайларда науқастарын емдеуден бас тартуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Қазір жаңа заң жобасы талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің құқықтарын кеңейтетін заң жобасын жасады. Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылауы үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

    Құжатта дәрігерлер медициналық ұйым басшысының келісімімен науқасты бақылаудан немесе емдеуден бас тарта алатыны жазылған.

    Дәрігер медициналық ұйымның басшысымен келісе отырып науқасты бақылаудан және оны емдеуден үш шарт бойынша бас тарта алады:

    • науқасты басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмесе;
    • емдеу жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмесе;
    • емдеу жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген болуы тиіс.

    Бұл шараны денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеп кеткенімен түсіндірді. Мысалы, қаңтар оқиғалары кезінде медициналық ұйымдарға шабуыл жасалып, жедел жәрдем қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсету жағдайлары тіркелген.

    «Осыған байланысты дәрігер мен науқастың құқықтық қатынастарын реттеу тетігін әзірлеу ұсынылады. Мысалы, медицина қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнсе, ол науқасты емдеуден де бақылаудан мүлде бас тарта алады”, — деп толықтырды денсаулық сақтау министрлігі.

    Cондай-ақ құжатта психикалық және мінез-құлқы бұзылған науқастарды дестигматизациялау бойынша шаралар қабылдау қажет екені де көрсетілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →