Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    ChatGPT-дің қазақ тіліндегі аналогы жасалды

    Фото: freepic

    Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жасанды интеллект ҒЗИ ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік тілдегі жасанды интеллект жүйесін 5 айдың ішінде әзірледі. ChatGPT чат-ботының қазақстандық үлгісі үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, сұрақтарға жауап береді, мәтіндер құра алады, сонымен қатар қазақ тілінің барлық морфологиялық және синтаксистік ережелерін біледі.

    «Біз қазақ тілінде бірінші ірі LLM тіл үлгісін жасадық. Жүйе нейрондық желі архитектурасы негізінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді түсінуге және өз біліміне сәйкес жауап беруге қабілетті. Біздің ChatGPT прототипіміз қазақ тілінің ережелерін түсінеді, әріптер мен буындар, сөздер мен сөйлемдер арасындағы барлық тізбектерді есте сақтайды, сонымен қатар синтаксистік және грамматикалық тұрғыдан дұрыс әрі пайдаланушының сұранысына сәйкес келетін дәрежеде жауап бере алады», — деп атап өтті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаев.

    Ғалымдар жүйенің қазақ әдеби шығармаларын, нормативтік құжаттамалар мен ғылыми материалдарды дайындау бойынша тәжірибелер жүргізіп көрді. Олар жасанды интеллект моделін білім беру үрдісінде қолдануды ұсынбақ. Чат-боттың білімін қажетті ақпаратты нақтылау үшін пайдалануға болады.

    «Мектеп оқушылары емтиханға дайындалу кезінде тесттегі кейбір ақпаратты, мәселен, математика теңдеуі немесе химиядағы терминді түсінбеді делік. Өздері нақтылағысы келеді, бірақ олардың қасында мұғалім болмайды. Сондай кезде балалар жүйеге сұрақ қойып, өте тез және қысқа жауап алады. Содан кейін олар қосымша сұрақтар қоя алады. Бұл технологияны жалпы білім беретін курстарды жиі оқитын бастапқы курстардың студенттері үшін де пайдалануға болады», — деп атап өтті PhD докторы Әлібек Барлыбаев.

    Бүгінде ІТ саласындағы ғалымдар мен мамандар жобаның техникалық және серверлік мүмкіндіктерін нығайтып, одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →