Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Ақтауда жасөспірім бір айдан бері іздестіріліп жатыр

    Фото: Lada.kz

    Ақтауда 15 жастағы жасөспірім 22 күннен бері табылмай жатыр. Үш апта бұрын жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның туыстары қызына алаңдаулы, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

    Қазір жасөспірімді Маңғыстау облысының достары, таныстары, туыстары мен полицейлері іздеп жатыр.

    «Біз сені үйде күтіп отырмыз. Бәріміз күтіп жүрміз. Әкесінің орнын басқан  өгей әкесі, ағасы да, әпкесі де қатты алаңдаулы. Біз қатты уайымдап отырмыз. Қандай жағдай болса да сені қиындықта қалдырмайтынымызды білсін», — деді қыздың анасы.

    Жасөспірім 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында жоғалып кеткен. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шыққан.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғалған күні Анастасия Пенская қара күрте, қара леггинстер және қара және ақ спорттық аяқ киім киген.

    Белгілері: қолаң қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы өтініш бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Қызды көрген болсаңыздар мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →