Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін», – деп жазылған жеделхатта.

     

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →