Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті

    Ер адамдармен салыстырғанда, әйелдер жемқорлық әрекеттерге бейім емес – Президент

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді қызметке тартудың мәні зор деп санайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл ретте Президент еліміздің әділетті мемлекет әрі инклюзивті қоғам құрып жатқанына, гендерлік теңдікті сақтау мәселесіне назар аударды.

    «Мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанына қарамастан, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды. Өз тәжірибемнен білетінім, әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің статистикасы соған меңзейді. Саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалады. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек. Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру мәселесіне баса назар аударды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте «командамен көшу» үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды. Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.

    «Жалпы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл Агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →