Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті

    Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасындағы шикіліктерді айтты

    Фото: Үкімет 

    Қазақстан Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ел үшін маңызы зор, оның арқасында үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілуі тиіс.

    «Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек», — деді Олжас Бектенов.

    Үкімет басшысының айтуынша, аталған мектептер әу бастан цифрлық камералармен жабдықталып, полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғануы тиіс. Оған қоса жаңа, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін жылдамдығы жоғары интернет жүргізілуі керек.

    Үкімет басшысының айтуынша, ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.

    «Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», — деді Премьер-Министр.

    Оған қоса Үкімет басшысы объектілер ашылғаннан кейін бірден нақты жоспарлы оқу процесін ұйымдастыру үшін салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керектігін айтты.

    «Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →