Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жасар баланы зорлаған: полиция ақпаратты растады

    Қызылорда облысында жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Қалалық полиция басқармасы 16 жастағы жасөспірімнің 6 жастағы баланы зорлау дерегін растап, оқушының қамауға алынғанын мәлімдеді.  Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.

    «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А. Қасанов.

    БАҚ мәліметінше, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →