Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады • Джонни Депп «Скрудж» фильмінде: Диккенс классикасы жаңаша экрандалды • Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады • Джонни Депп «Скрудж» фильмінде: Диккенс классикасы жаңаша экрандалды • Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті •

    Елена Рыбакина бүгін Дохадағы турнирдің ширек финалында ойнайды

    Фото: ҚТФ
    Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды 

    Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетіп, бет қаратпады – 6:1.

    Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті – 7:6 (8:6).

    Үшінші, шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ – 6:4.

    Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.

    Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен бүгін сағат шамамен 19:45-те басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →