Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Оралдағы балабақшада бірнеше бүлдіршін шкафтың астында қалды

    Фото: inessatoboleva инстаграм парақшасынан

    Оралда балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 ақпан күні қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданында «Сәби» балабақшасында болды.

    «Жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жеткен. Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі – балалар. Алдын ала мәлімет бойынша жамбасының жұмсақ тіні көгерген 1976 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін әйел амбулаториялық ем алуға жолданды. 2018 жылғы қыз балалардың денелері көгерген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қаралғаннан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, амбулаториялық ем алуға үйлеріне жіберілді», — деп хабарлады ведомстводан.

    Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мәліметке қарағанда, балабақша басшылығы комиссияны қарсы алуға дайындалып жатқан. Шкафты қойғанмен, ол қабырғаға бекітілмеген. Тәрбиеші құлап бара жатқан шкафқа ұмтылып, тәрбиеленушілерін барынша қорғап қалған.

    БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →