Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды •

    Сарыағаш тұрғыны кәмелетке толмаған ұл баланы зорлады деген күдікпен ұсталды

    Сарыағаш ауданында тағы да жантүршігерлік жағдай орын алды. Ауыл тұрғыны кәмелет жасына толмаған ер балаға зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған. Ал аудандық білім бөлімі жәбірленушінің оқушы екенін растап отыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

    «Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Оның сабаққа бару кестесі 09:00-14:00ге дейін. Оқиға мектептен тыс уақытта орын алған. Мектеп қабырғасында немесе сабақ уақытысында болмаған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.Қазіргі таңда жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен жайында, психологиялық ахуалы тұрақты және мектеп психологтарының бақылауында», — деп көрсетті Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі.

    Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.

    «Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер, күдіктінің жеке басын анықтап, аталмыш жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Түркістан облысы полиция басқармасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →