Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды •

    «Назарбаев университетінің атауы өзгереді»

    Әлеуметтік желілерде Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы ақпарат таралып жатыр. Stopfake.kz сайты ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

    Әлеуметтік желіде келесі жылдан бастап Назарбаев университеті «Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті» деп аталатыны айтылған.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    «Бұл — фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.

    «Хабарламада «әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби» туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ. Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады. 2023 жылы «Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының» ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ», — делінген сайт материалында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →