Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    Елімізде Жаңа жыл кезінде отшашу атқандарға қомақты айыппұл салынады

    Қазақстандықтарға жаңа жыл күні рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ұйымдастырып, тыйым салынған тауарларды өткізгені және тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады.

    Нақты айтқанда, тыйым салынған тауарларды саудалағаны үшін 86 250 теңге, ал пиротехникалық заттарды заңсыз пайдаланғаны үшін тәркілеумен бірге 69 мың теңге айыппұл салынады.

    «Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет. Осы талапты бұзғаны үшін де айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға – 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 345 мың теңге», – делінген хабарламада.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →