Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды •

    Медведевтің Қазақстан жайлы шулы жазбасына қатысты тың дерек пайда болды

    2 тамызға қараған түні Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведевтің ВКонтакте желісінде Қазақстанға қатысты жазба жарияланды. Бірақ мәтін бірнеше минуттан кейін өшірілген. 

    Соған қарамастан әлеуметтік желі қолданушылары жазбаның скриншоттарын сақтап үлгерген.

    Жазбада «Біз өз Отанымыздың шекарасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қолға аламыз. Өздеріңіз білетіндей, Ресей шекарасы еш жерден аяқталмайды» деген сөйлемдер бар.

    Сондай-ақ, 1801 жылға дейін Грузия сияқты ел болмағанын, оның тек Ресей империясының шекарасында ғана пайда болғаны жазылған.

    «Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қалған аумақтары тек Ресей құрамында ғана біріктірілуі мүмкін», – делінген жазбада.

    Мәтінде Қазақстанды «жасанды мемлекет» және «бұрынғы ресейлік территорияда орналасқан» деп атаған.

    Сондай-ақ «Қазақстанға орыстар бармайынша, тәртіп орнамайды» деген сөйлем бар.

    Жазбадан «Кезінде ұлы және құдіретті Кеңес Одағын мекендеген барлық халықтар қайтадан достық пен өзара түсіністікте бірге өмір сүретін болады» деген сөйлемді де кезіктіруге болады.

    Кейін Дмитрий Медведевтің көмекшісі РИА Новостиге РФ Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасарының ВКонтакте желісіндегі парақшасы бұзылғанын айтты.

    Оның айтуынша, парақшаны бұзғандарды әлеуметтік желінің әкімшілігі анықтап жатыр. Ал ВКонтактенің баспасөз қызметі РБК-ға Дмитрий Медведевтің парақшасындағы жазбаны өзге біреу жариялағанын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →