Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлытау облысында аурухана есепшілері бюджет қаражатын жымқырған

    Ұлытау облысы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

    Қаражал қаласы прокуратурасының мәлметінше, осы медициналық мекеменің екі есепшісі 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Әрі қарай жымқырылған қаражатты олар өз пайдаларына жұмсаған.

     

    «Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды (2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге)», – делінген прокуратура хабарламасында.

     

    Қазір атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →