Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    Қазпоштадан 270 млн теңгеден астам қаражат ұрланғаны анықталды

    Фото: Ашық дереккөзден

    Қазпошта АҚ-да ішкі тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Қазпоштаның хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған

     «Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», – делінген хабарламада.

    «Қазпошта» АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырып, құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →