Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты

    Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

    Павлодар облысында полиция адамдарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Топты Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ұстаған. Қылмыстық топ құрамына 25-35 жас аралығындағы жігіттер кірген. Қазір күдіктілердің бопсалаудың 5 фактісіне қатысы бары анықталды.

    Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысында қару қолданып, бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысының бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

    Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан 5 атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Бұл бойынша сараптама тағайындалды.

     

    «Қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 3 қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →