Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Дәрігерлер ата-анасы ұрып-соққан 7 жасар қыздың қазіргі жағдайын айтты

    «Үйге қайтпай-ақ қойсам бола ма?» Елордада ата-анасынан көк ала қойдай таяқ жеп, ауруханаға түскен 7 жасар қыз дәрігерлерге осылай өтініш айтқан. Кеуде тұсы тұтас көгеріп, қолы мен иығы зақымдалған 1-сынып оқушысының жағдайы қазір қалыпты, деп хабарлайды Qazaq.today КТК телеарнасына сілтеме беріп. 

    Телеарнаның хабарлауынша, алғаш болып баланың жай-күйінің болмай жүрген сынып жетекшісі байқапты. Бірден жедел жәрдем шақырып, балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген.

    Ауруханаға түскен бойда әбден шошынып қалған бала ешкіммен сөйлеспей жабырқау жүреді. Кейін дәрігерлердің қамқорлығын сезінген соң үйге жібермеуін сұрап, анасынан бөлек нағашы атасының да жиі жұдырық ала жүгіретінін айтқан. Ағынан жарылған қыздың өзінен басқа туған алты бауыры бар.

    Балалар омбудсмені Динара Зәкиева қазір үйдегі басқа балалардың да жағдайын анықтап жатырмыз деді. Қазір туған перзентіне күн көрсетпей жүрген ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

     

    «Жеті жасар қыз бізге 23 қараша күні түсті. Бала қатты қорқып қалған, жай сөйлегеніміздің өзінде бетін жауып, өзін қорғамақшы болады. Кеуде тұсы, білектері мен иығы көгеріп кеткен. Саусақтарына да зақым келіпті. Әбден қанаған. Қазір жағдайы оңалып келеді. «Үйге бармасам болды» деп шыр-пыр болады», дейді Астана қаласы № 2 клиникалық балалар ауруханасының дәрігері Арслан Дүйсенбаев.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →