Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ұсталды – ҰҚК

    ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады.

    «Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдіктеліп отыр. Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — делінген ҰҚК хабарламасында.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →