Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 16 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа отын-энергетика кешенінің 10 айлық қорытындысы мен жылыту маусымы туралы есеп берілді • Владимир Пресняковтың Алматыдағы концерті: сахнадағы оқиға желіде талқыға түсті • Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын отбасылық ортада атап өтті • Алматыда Қалқаман шағынауданының тұрғындары үшін аула аумағы жаңартылды • Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады • Тоқаев Әлихан Жамсатовты мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты • Тоқаевқа отын-энергетика кешенінің 10 айлық қорытындысы мен жылыту маусымы туралы есеп берілді • Владимир Пресняковтың Алматыдағы концерті: сахнадағы оқиға желіде талқыға түсті • Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын отбасылық ортада атап өтті • Алматыда Қалқаман шағынауданының тұрғындары үшін аула аумағы жаңартылды • Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады • Тоқаев Әлихан Жамсатовты мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты •

    Қазақстанда миллиондаған гектар жайылымдық жерлер заңсыз берілген

    Жайылымдарды ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, — дейді qazaq.today сайты orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «Соңғы 3 жылда прокурорлар 18 млн га бос және 3 млн га заңсыз бөлінген жайылымдық жерлерді анықтады. Оның 5 млн-ы мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 млн гектары айналымға енгізілді. Жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын туғызатынын көрсетті» делінген хабарламада.

    Осы себепті, саналы диқандар мен ауыл тұрғындары жайылымдық жерді пайдалану мүмкіндігінен айырылып, ақырында оның тапшылығына әкеліп соғады, дейді қадағалаушы орган. Бүгінгі таңда республика бойынша 15 млн гектарға жуық қоғамдық жайылымдық жердің жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю да қиындықтар туғызады.

    Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтару жоспарда бар.

    «Біздің жергілікті жерлерде жүргізген шараларымызға сәйкес, әкімдіктер жалпыға ортақ жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға берудің алдын алады. Жайылымдарды қамтамасыз етудегі заң бұзушылықтар және прокуратураның қадағалау актілеріне тиісті бақылаудың жоқтығы үшін 520 лауазымды тұлға тәртіптік, оның ішінде 42-сі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады Бас прокуратура.

    Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →