Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) •

    Лудоманиямен күреске Үкімет шаралар қабылдайды

    Қазақстанда лудоманиямен күрес бойынша бірқатар жаңа шара қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер парламент қарауында, деп хабарлайды Үкімет Telegram арнасында.

    Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов мәжілісте өткен брифингте мәлім етті. Үкімет басшысы соңғы жылдары лудомания үлкен мәселеге айнала бастағанын атап өтті.

    «Ажырасулардың 40 пайызы осы себептен болатынын көріп отырмыз. Лудомания қазір ажырасу себептері арасында маскүнемдіктен кейін 2-ші орынға шығып отыр. Бұл үлкен проблемаға айналды», — деді Әлихан Смайылов. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет лудоманияға қарсы күреске бағытталған тиісті нормаларды әзірледі. «Бірінші кезекте, бұл – букмекерлік кеңселерді, лотереяларды және онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салу. Екінші, құмар ойындарына қатысуға рұқсат беретін жас деңейін 25 жасқа дейін көтеру. Сондай-ақ борышкерлердің, алимент төлемегендердің және банктік несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұлғалардың бірыңғай реестрінде тұрғандардың ойындарға қатысуына тыйым салу қарастырылған», — деді премьер-министр.

    Оның сөзінше, осы және басқа да шаралар Қазақстандағы лудомания мәселесінің шешімін табуға бағытталған.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →