Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеттері қашаннан бастап сатылмақ?

    Келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеттері қашан сатылымға шығарылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq uni-не сілтеме жасап. 

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция жетекшісі Наиль Нұровтің айтуынша, ойындарға кіру ақылы болады.

     

    Билет құны сараланады, қымбат болмайды. Ойынның ашылуы мен жабылуы, сондай-aқ көкпар сияқты үздік ойындардың финалдық жарыстарының билеті арзан болмайды. Әлбетте біз экономикалық аспектілерді қарастырамыз, ойын өзін ақтауы керек. Бірақ халықтың қалтасы көтеретіндей болуы қажет. Бұл бірінші кезекте көрермендер ағынын реттеу, бақылау үшін қажет болады. Бұл әдеттегі практика, — деді ол.

     

    Бүгінде дирекция билет сатылымдағы алып сатарларға жол бермеу шаралары қарастырылып жатқанын айтты.

     

    Біз ол туралы ойластырып жатырмыз. Қазір билет операторын анықтау кезінде ең бірінші тапсырма ол дирекцияға алыпсатарлықты болдырмау мүмкіндігін таныстыру болады. Жалпы біз бұл проблеманы білеміз. Қазір оның алдын алу үшін дайындалып жатырмыз, — деді дирекция басшысы.

     

    Сондай ақ Дүниежүзідік көшпенділер ойындарының билеті қашан сатылымға шығатынын да айтты.

     

    Біз билеттің алғашқы ресми сатылымын Наурыз мейрамы кезінде бастағымыз келеді. Яғни келесі жылдың наурыз айының соңында алғашқы билетті сатамыз деп жоспарлап отырмыз, —  деді Найль Нұров.

     

    Еске сала кетейік, бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcы өткен болатын. Онда  ұйымдастырушылар келесі жылы Қазақстанда өтетін көшпенділер ойынының спорттық һәм мәдени бағдарламасын, сондай ақ ойынның ұрансөзі мен логотипін таныстырды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →