Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды •

    Талдықорғанда «Береке» коттедж қалашығын салудан ақша жымқырған шенеуніктер сотталды

    Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, 23 қазанда Талдықорған қаласының сотында «Береке» коттедж қалашығының сапасыз құрылысы барысында бұзушылықтарға жол берген кінәлі шенеуніктерге қатысты үкім шығарылған. Облыстық прокурорлар аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру жүргізген.

    Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарындағы құрлысы аяқталмаған үйлер туралы бірнеше жарияланымдар себеп болды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келтірілген залалды өтеп, 36 үйді өз қаражатынан салды.

    Биыл 30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көпбалалы отбасыларға берді. Жақын арада тағы 11 үй беру жоспарланған.

     

    «Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды іске асыратын компанияның жұмысшылары және тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазаның әр түріне сотталды», – делінген прокуратура хабарламасында.

     

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →