Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды •

    Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколад сыйға тартылуда

    Жергілікті жастар ерекше акция арқылы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

    «Осы Қазақстан туы бейнеленген шоколадты өзге елдің азаматтарына немесе өзге елде жүрген қазақстандықтарға берсең, қатты қуанады. 25 қазан — бізде Республика күні. Соның қарсаңында біздер өзіміздің елдегі адамдардың реакциясын көргіміз келді» дейді жайдарманшы Самат Қабдиев.
    Еріктілер қала орталығындағы ірі сауда орнында болып, тұтынушылар мен сатушыларға сыйлық таратты. Жайық жұртшылығы жастардың бастамасына риза болып, жылы лебізін білдірді.

    «Рахмет! Жарайсыздар!», «Аман болайық, бір болайық бәріміз! Мейрам құтты болсын!», «Аспанымыз ашық болсын!», «Елде тек бейбітшілік болып, өркендей берейік!» десті тұрғындар.

    «Тұрғындардың реакциясын көзбен көрдік. Бәрі жылы қабылдап, елдің амандығын тілесті. Барша жұртшылықты мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!» дейді еріктілер.
    Мұндай акция облыс орталығында ғана емес, аудандарында да жалғасын тауып жатыр. Әр саладағы жастар мазмұнды шараға үлес қосып, қолдау көрсеткен. Еріктілер мейрам қарсаңында өзге де патриоттық акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →